«Барселона» клубының президенті: Клуб бойынша ешқандай тергеу жүріп жатқан жоқ

«Барселона» клубының президенті: Клуб бойынша ешқандай тергеу жүріп жатқан жоқ
«Барселона» футбол клубының басшысы Жоан Лапорта каталониялық ұжым өкілдерінің төрешілерге пара беру ісі төңірегіндегі жанжал жөнінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, «Барса» президенті журналистерге бұл тақырыпты қоздатпауды ескертті, өйткені анау айтқандай алғышарттар болған жоқ.

«Біз жақында клубымыз төңірегіндегі жағдайды түсіндіру үшін баспасөз мәслихатын өткіземіз. Ішкі тергеу жүріп жатыр, жағдайды түсіндіргіміз келеді. Төрешілер мен ойыншыларға қатысты техникалық сауалдар жөнінде біраз жаңалық айтқым келеді. Тергеу аутсорсингке берілді. Прокуратура да, полиция да бізге қандай да бір тергеу жүріп жатқанын хабарлаған жоқ», - деді Джоан Лапорта.

Біраз уақыттан бері бірқатар БАҚ «барселоналықтар» Испания футбол федерациясының төрешілер корпусының вице-президенті Хосе Мария Энрикес Негрейраға қомақты қаржы аударғаны туралы ақпарат таратып жатыр.

Расталмаған деректерге сүйенсек, футбол шенеунігі кеңес бергені үшін «каталониялықтардан» 4,7 миллион еуро алған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0