русский язык
Футбол

Артем Кучин Еуропа Лигасының матчына тағайындалды

Артем Кучин Еуропа Лигасының матчына тағайындалды
Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіндегі «Астра» - «Инвернесс» матчына Артем Кучин бастаған қазақстандық төрешілер тобы тағайындалды, деп хабарлайды  «PROСПОРТ».
 
Бас төрешіге тараздық Евгений Бельский мен атыраулық Анатолий Ходин көмектеседі. Төртінші төреші - талдықорғандық Денис Измайлов.
 
Өткен маусымда Артем Кучинге Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі «Янг Бойз» (Швейцария) – «Слован» (Словакия) және «Генгам» (Франция)  - «Динамо» (Минск, Беларусь) матчтарында жұмыс істеді. Айта кетейік, қарағандылық төреші мен «Астра» клубының жолы осы уақытқа дейін де түйіскен. Артем Кучин 2014 жылы Еуропа Лигасының «Слован» - «Астра» матчында қызмет атқарып, сол ойын 3:2 есебімен румыниялық футболшылардың жеңісімен аяқталды.
 
Қарағандылық төреші клубтық турнирлерден бөлек, құрама командалардың матчтарына да тағайындалып жүр. Өткен жылы 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльс – Англия және Кипр – Бельгия матчтарында қызмет атқарды. Сонымен қатар, Әлем чемпионатының  іріктеу матчтары мен 19 жасқа дейінгі жасөспірім құрамалар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде жұмыс тәжірибесі бар. Оның ішінде жартылай финалдағы Чехия - Сербия кездесуін атап өтуге болады.
 
«Астра» - «Инвернесс» матчы 23 шілде күні Румынияның Джурджу қаласында  Марин Атанасовичи стадионында өтеді. Бұл командалардың арасындағы алғашқы ойын 1:0 есебімен румыниялық футболшылардың пайдасына шешілді.  
 
ҚФФ ресми сайтынан
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;