русский язык
Футбол

«Coca-Cola Былғары Доп» турнирінің жеңімпаздары анықталды

«Coca-Cola Былғары Доп» турнирінің жеңімпаздары анықталды

«Coca-Cola Былғары Доп» турнирінің орта жас тобы бойынша аймақтық ойындарының жеңімпаздары Қарағандыға жиналды, деп хабарлайды  «PROСПОРТ».

Үшінші орынды Ақмола облысының командасы иеленді. Екінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының футболшылары жеңіп алды. Бірінші орын Жамбыл облысының командасына бұйырды. Айта кету керек, жоғары топ бойынша да Жамбыл облысының өкілдері жеңімпаз атанған еді.

«Coca-Cola Былғары Доп» балалар мен жасөспірімдер турнирінде жеңіске жеткен командалардың 11 үздік ойыншысы халықаралық «Copa Coca-Cola» турниріне барады. Олар жеке шеберліктері мен командалық ойын үлгісін көрсетуге ерекше мүмкіндік алады. Сонымен қатар, Германияда атақты футболшылармен танысып, шеберлік сабағына қатысады. Бұл Қазақстандағы балалар және жасөспірімдер футболының үлкен жетістігі. Өйткені, дәл осындай турнирді өткізген елдердің барлығы бірдей жолдамаға ие болған жоқ.
 
«Coca-Cola Былғары Доп» республикалық турнирінің негізгі міндеті - қазақстандық балалар мен жасөспірімдердің спорттық қабілеттерін дамыту, белсенді әрі салауатты өмір салтын қолдау. Бұл жас ұрпақтың физикалық және психологиялық дамуы үшін өте маңызды. Осы құндылықтарды турнирдің тұрақты демеушісі Coca-Cola компаниясы қолдап келеді.
 
  - «Coca-Cola Былғары Доп» жас футболшыларға спорттық рухтарын нығайтып қоймай, белсенді әрі салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосады. Өмірлік пайдалы қабілеттерін дамыта отыра, балалар өздеріне деген сенімділікті күшейте түседі. Тез тіл табысады, достықтарын нығайтады.  Турнирдің арқасынжа балалар еліміздің әр қаласынан және әлемнің өзге елдерінен жаңа достарын тапты. Copa Coca-Cola халықаралық турнирін өткізу барысында ұйымдастырушылар әр елден келген балалардың бір-бірімен достасуына жағдай жасайды. Біз жыл сайын қазақстандық «Coca-Cola Былғары Доп» турнирінің жақсара түсуіне жағдай жасаймыз. Бұл жолы квота алдық, енді жеңімпаздарды Германияға жібереміз. Coca-Cola компаниясы футболдан Әлем чемпиондарының елімен танысуға мүмкіндік жасайды. Германия құрамасының ардагер футболшылары балаларға шеберлік сабағын өткізеді. Дене даярлығы тобы мен медициналық бөлім қызметкерлерімен де кездесу ұйымдастырылмақ, - дейді «Кока-Кола Алматы Боттлерс» компаниясының үкіметтік және қоғаммен байланыс менеджері Әлима Есембаева.  
ҚФФ ресми сайтынан
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;