русский язык
Футбол

Дмитрий Шомко: «Қорғаныста мұқият ойнап, қарсылас командаға еш мүмкіндік бермеуге тырысамыз»

Дмитрий Шомко: «Қорғаныста мұқият ойнап, қарсылас командаға еш мүмкіндік бермеуге тырысамыз»

«Астана» футбол клубының қорғаушысы Дмитрий Шомко «Мариборға» қарсы қарымта кездесуде команда қалай ойнайтынын айтып берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».


«Марибормен» өткен бірінші ойында бірнеше гол соғатын мүмдкіндіктеріміз болды. Бірақ одан нәтиже шығара алмадық. Әрине, бұл өте өкінішті. Қазір бар ойымыз қарымта кездесуде. Ертеңгі ойында бар мүмкіндігімізді жүзеге асырып, келесі кезеңге өтеміз деген ойдамын. «Марибор» сияқты командамен ойнауға болады. Қорғаныста мұқият ойнап, словениялықтарға еш мүмкіндік бермеуге тырысамыз», - деді Дмитрий Шомко.    


Total.kz сайтынан* 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;