русский язык
Басқа

Қазақстан құрамасы грэпплингтен ASIA OPEN-2023 турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстан құрамасы грэпплингтен ASIA OPEN-2023 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстанның грэпплинг құрамасы Астанада балалар, жасөспірімдер, жастар мен ересектер арасындағы ASIA OPEN 2023 турнирінде жеңіске жетті. Жарысқа 1200-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төрт күнде спортшылар түрлі жас санаттары бойынша мықтыларды анықтады. Нәтижесінде командалық есепте жарыс қожайындары жеңіске жетті. Ал екінші қатарда Қырғызстан, үздік үштікті Өзбекстан түйіндеді.
Астанадағы жарыстың қорытындысы бойынша ASIA OPEN 2023 турнирінде жақсы нәтиже көрсеткен спортшылардан ұлттық құрама жасақталып, олар алдағы халықаралық жарыстарға дайындалады. Ең бірінші болып олар ересектер арасындағы әлем чемпионатына барады. Ол биыл Польшада өтеді. Ал жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасындағы жарыс Грекияда өтеді.

Грепплинг – классикалық жекпе-жек өнеріндегі (самбо, дзюдо, джиу-джитсу және еркін күрес) сияқты лақтыру және оның техникаларын қамтитын жекпе-жек түрлерінің бірі. Грэпплингтегі негізгі екпін ауыр әдістерге аударылады, соның арқасында қарсылас беріледі. Грепплинг басқа жекпе-жек өнерінен киім үлгісімен ерекшеленеді, мұнда спортшы қарсыласының киіміне жармаса алмайды.

Фото: Instagram/drs_kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;