Абзал Бейсебеков: «Мақсатымыз бір – бұл жеңіске жету»
![Абзал Бейсебеков: «Мақсатымыз бір – бұл жеңіске жету»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1437486418_843004370.jpg?v=28699473)
«Астананың» қорғаушысы Абзал Бейсебеков «Мариборға» қарсы қарымта матч жайлы өз пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
«Мақсатымыз бір – бұл жеңіске жету. Ойынға тыңғылықты дайындалдық. Барша қазақстандықтар бізден жеңіс күтеді. Қарсылас команданың кемшіліктерін айта алмаймын, оны бас бапкердің сұраңыз», - деді Абзал.
Естеріңізге сала кетсек, аталмыш ойын ертең астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.