русский язык
Басқа

Раллиден ел чемпионатының шешуші кезеңдері басталды

Раллиден ел чемпионатының шешуші кезеңдері басталды

Павлодар қаласында («Усолка» су тоғаны) раллиден ел чемпионатының ІІІ және IV кезеңі басталды. Жарысқа 10 өңірдің спортшылары қатысады. Ережеге сәйкес 2023 жылғы маусымның төрт кезеңінде жоғары ұпай жинаған экипаж, үш кезең нәтижесімен раллиден ел үздігі атанады.

Осыған дейінгі 3-кезең ақпанның басында Көкшетеу қаласындағы «Қопа» көлінде мәресіне жеткен. Оған еліміздің 10 өңірінен 76 спортшы, 38 экипаж қатысып, өзара жеңімпаздарды анықтады. Ол кезеңнің үздіктері мынандай:

«РК ПРО» санатында – Бородин Петр/Чепрасов Роман экипажы – 1-орын (113 ұпай); Амелин Андрей/Амелина Алие – 2-орын (99 ұпай); Умаров Санжар/Аубакиров Әлібек – 3-орын (83 ұпай).

«РК 11» санатында – Буравский Юрий/Чирьев Евгений экипажы – 1-орын (86 ұпай); Федулов Денис/Вотчал Артем – 2-орын (79 ұпай); Мухатов Сұлтан/Ли Иннокентий – 3-орын (70 ұпай);

Айта кетейік, биылғы чемпионаттың соңғы, 4-кезеңі Қарағанды қаласында өтеді, деп жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;