Қазақстан Суперкубогына билеттердің онлайн-сатылымы басталды
![Қазақстан Суперкубогына билеттердің онлайн-сатылымы басталды](https://prosports.kz/upload/news/content//202302/201131_e8e77e27e48f9ac4944264bd47926ead.png?v=28674047)
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы елордалық «Астана» мен шымкенттік «Ордабасы» арасындағы Қазақстан Республикасының OLIMPBET-Суперкубогы матчына билеттердің онлайн-сатылымының басталғаны туралы хабарлайды.
Ойын 25 ақпанда Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесу елорда уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады.
Билеттерді ticketon.kz сайтынан онлайн сатып алуға болады. Құны 500 және 2500 теңге аралығында.
«Астана Арена» стадионының кассаларында билеттердің сатылымы ойын күні сағат 10:00-ден бастап жүзеге асырылады.