«Алашкерт»-«Қайрат» матчында португалиялық қазылар жұмыс істейді
![«Алашкерт»-«Қайрат» матчында португалиялық қазылар жұмыс істейді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1437461892_483189351.jpg?v=28699776)
Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Алашкерт»-«Қайрат» қарымта кездесуінде португалиялық Жоао Капела төрелік етеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
Капелеге қапталдан Нуну Перейра мен Руи Тейшейра көмектеседі. Қосалқы төреші - Тьягу Мартинш.
Естеріңізге сала кетсек, аталмыш ойын шілденің 13-і Ереван қаласында өтеді. Матчтың басталу уақыты – 21:00.