русский язык
Басқа

Алматыда Медеу мұз айдыны уақытша жабылады

Алматыда Медеу мұз айдыны уақытша жабылады

Алматыда 18-24 ақпан кундері конькимен жүгіруден ҚР Кубогының финалдық кезеңіне дайындық жүргізілуіне байланысты Медеу мұз айдыны жабылып, жаппай сырғанау тоқтатылады.

Бұл туралы Алматы қаласы спорт басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, жарыс жанкүйерлері үшін мұз айдынына кіру ашық болады.

«21-24 ақпан аралығында өтетін жеке және командалық біріншіліктің финалына республикалық маңызы бар екі қала мен еліміздің 7 облысының спортшылары қатысады»,- деп хабарлады қалалық спорт басқармасынан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;