IBF: Головкин енді чемпион емес, Ахмедов пен Нұрсұлтанов ТОП-10 қатарында
![IBF: Головкин енді чемпион емес, Ахмедов пен Нұрсұлтанов ТОП-10 қатарында](https://prosports.kz/upload/news/content//202302/472_ad6324ed1218b281bfa08af75530db22.jpg?v=28651862)
Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингінде орындарын нығайтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үздік ондыққа ауыр салмақтағы Серік Мұсаділов (10-орын), супер орта салмақтағы Али Ахмедов (6-орын) және орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов (7-орын) енді.
Айта кетейік, IBF бұған дейін қазақстандық Геннадий Головкинді белбеуінен айырған болатын. Орта салмақтағы титул қазір бос. Ахмедовтің дивизионында чемпиондық белбеу иегері - мексикалық Сауль Альварес.
Серік Мұсаділов өнер көрсететін бірінші ауыр салмақта IBF титулы аустралиялық Джей Опетаеға тиесілі.
Сондай-ақ Дүниежүзілік бокс ұйымының рейтингінде Сұлтан Зәуірбек (14-орын, екінші жеңіл салмақ) бар. Оның дивизионында чемпион - тәжікстандық Шавкат Рахимов.