Зайнутдиновтің командасы жолдастық кездесуде «Динамоны» жеңді
![Зайнутдиновтің командасы жолдастық кездесуде «Динамоны» жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content//202302/201736_8aa078390e689c41f4f2003636b849c9.jpg?v=28674570)
ЦСКА Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында мәскеулік «Динамомен» жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл кездесуде ЦСКА 2:1 есебімен жеңіске жетті.
ЦСКА сапынан Милан Гайич (55-минут) пен Хесус Медина (87) гол соқты. Ал «Динамоның» жалғыз голын Эли Даса (31) соқты. 58-минутта ЦСКА қорғаушысы Виллиан Роша қызыл қағаз алды.
ЦСКА Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын 19 ақпанда «Рубинмен» жолдастық кездесу өткізгеннен кейін аяқтайды.