русский язык
Басқа

Tartyl FEST Гранд-финалы қарсаңында салмақ өлшеу рәсімі өтеді

Tartyl FEST Гранд-финалы қарсаңында салмақ өлшеу рәсімі өтеді

Tartyl FEST республикалық турнирінің Гранд-финалы қарсаңында салмақ өлшеу рәсімін өтеді.

Гранд-финалға өңірлік іріктеу жарыстарында үздік нәтижеге қол жеткізген 170 спортшы қатысады. Қатысушылардың жас шамасы – 14 жастан 51 жасқа дейін.

2022 жылы турникке тартылу бойынша сайыс Қазақстанның 20 қаласында өтіп, қатысушылар 9 салмақ дәрежесі бойынша сайысқа түсті. Тартылу саны бойынша рекорд – 50 рет тартылған Тараздық азаматқа тиесілі.

Жалпы, «Tartyl FEST» турниріне 7 мыңнан астам қазақстандық қатысты. Турнирдің ұымдастырушысы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «DARA» дарындыларды қолдау қоры. Бас ақпараттық демеуші Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені.

Гранд-финалдың жалпы жүлде қоры – 54 млн теңге. Әр салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз 3 млн.теңге алады, екінші орын үшін жүлде 2 млн.теңге, үшінші орын үшін – 1 млн.теңге. Сонымен қатар, Гранд-Финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатына Қазақстанның атынан қатыса алады.

Гранд-финал 18 ақпан күні сағат 12.00 Астана қаласында Конгресс орталығында (Экспо) өтеді.
Турнирді «Jibek joly» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;