русский язык
Бокс

Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боксшы бұл туралы Twitter желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Жанкүйерлерім сияқты мен де жекпе-жек өтетін күн мен қарсыластың кім болатынын күтіп жүрмін. Келер аптада бәрі шешіледі деген үміттемін», — деп жазды Әлімханұлы .

Айта кетейік, Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін былтыр қараша айында Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткізді. Онда британиялық боксшы Дензел Бентлиді 12 раунд қорытындысы бойынша жеңіп, WBO чемпионы атағын алғаш рет қорғады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;