русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшы Венгрияда өтіп жатқан халықаралық турнирде жартылай финалға шыға алмады

Қазақстандық боксшы Венгрияда өтіп жатқан халықаралық турнирде жартылай финалға шыға алмады

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Венгрияда Иштван Бочкайды еске алуға арналған халықаралық турнирде жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

80 келі салмақта өнер көрсететін спортшы 1/4 финалда украиналық Александр Хижнякпен кездесті. Қазақстандық спортшы төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Оралбай үш күнде үш жекпе-жек өткізді. Оның екеуі бір күнде, яғни 8 ақпанда өтті. Сол кезде қазақстандық боксшы англиялық Джордж Кротти мен финляндиялық Никита Нюстедттен басым түскен болатын.

Нұрбек 2018 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы. Хижняк 2020 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, 2017 жылғы әлем және Еуропа чемпионы, 2019 жылғы Еуропа ойындарының жеңімпазы атанған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;