русский язык
Теннис

Жас теннисшілеріміздің әлемдік рейтингтегі орны өзгерді

Жас теннисшілеріміздің әлемдік рейтингтегі орны өзгерді

Халықаралық теннис Федерациясы (ITF) 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлемдік рейтингті жаңартты.

Ерасыл Ерділда ТОП-100 қатырына жақындап келеді, қазір ол 105-орында тұр. Максим Батютенко 120, Даниал Рахматуллаев 202, Виталий Запцепин 209-сатыға жайғасты. Амир Омарханов 76 саты жоғарылап, 269-қатарға ие болды. Бұдан бөлек Ілияс Маратұлы – 308 (+55), Ерасыл Бақтияр – 875 (+64), Заңғар Нұрланұлы 907-орында тұр.

Қыздар арасында Сандуғаш Кенжебаева 80-орында қалды. Өзге теннисшілердің рейтингтегі орны: Асылжан Арыстанбекова – 132, Дана Байдаулет – 147, Айя Нупбай – 149, ІҢкәр Дүйсебай – 411, Әдемі Амангелді – 466-орын.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;