Қазақстан құрамасы көгалдағы хоккейден әлем чемпионатында қарсыласын тас-талқан етті
![Қазақстан құрамасы көгалдағы хоккейден әлем чемпионатында қарсыласын тас-талқан етті](https://prosports.kz/upload/news/content//202302/472_bc6ba82457697af3193efbfd8c82f137.jpg?v=28671955)
Қазақстан ерлер құрамасы Преторияда (Оңтүстік Африка) көгалдағы хоккейден жабық кешендегі әлем чемпионатының матчында Жаңа Зеландияны тас-талқан етті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 5:0 есебімен аяқталды. Шайбаларды Талант Алмен, Махат Жөкенбаев, Еркебұлан Дүйсебеков салды, ал Дәулет Орманов дубль авторы атанды.
Қазақстан - Жаңа Зеландия 5:0 (2:0, 0:0, 3:0)
Фото: twitter.com/asia_hockey