Рыбакина Дохадағы турнирді іріктеу кезеңінен бастайды
![Рыбакина Дохадағы турнирді іріктеу кезеңінен бастайды](https://prosports.kz/upload/news/content//202302/201736_888f9c5571e3ff95c3edab3bea2d44d7.jpg?v=28706059)
Уимблдон 2022 чемпионы, әлемнің 10-шы нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Дохадағы (Катар) WTA-500 турнирінде жолын іріктеу кезеңінен бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Негізгі жарыстар 13-18 ақпан аралығында өтеді.
Рейтингте жоғары орынға ие болғанына қарамастан, Рыбакина турнирдің негізгі топтамасына кіре алмады.