русский язык

«Қайрат» жаттығу жиынында жолдастық матч өткізетін қарсыластарын атады

«Қайрат» жаттығу жиынында жолдастық матч өткізетін қарсыластарын атады
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі оқу-жаттығу жиыны аясында жолдастық матч өткізетін қарсыластарын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Негізгі құрамның оқу-жаттығу жиыны ақпан айының соңына дейін жалғасады. Осы оқу-жаттығу жиыны аясында «Қайрат» клубтың спорт базасында төрт бақылау матчын өткізеді.

Кейін Кирилл Кекер шәкірттері Ташкентке барып, жергілікті «Пахтакормен» жолдастық кездесу өткізеді.

«Қайраттың» жолдастық матч өткізетін қарсыластары:

11.02 «Қайрат-Жастар»
11.02 «Дордой» (Бішкек, Қырғызстан)
18.02 «Елімай»
18.02 «Жас Қыран»
25.02 «Пахтакор» (Ташкент, Өзбекстан)

Фото: f.c.kairat

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;