Мария Агапова ауыр жарақатынан қашан айығады?
![Мария Агапова ауыр жарақатынан қашан айығады?](https://prosports.kz/upload/news/content//202302/472_48f551015ac1345dddf232a56e23c76e.jpg?v=28664986)
UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Мария Агапова жарақатынан қашан айығатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Оңалту кезеңінің төрт айы қалды. Көмектесіп жатқандардың бәріне рақмет. Жолдың жартысы өтті», - деп жазды павлодарлық спортшы Instagram-парақшасында.
2022 жылдың 17 қыркүйегінде Мария Агапова UFC Vegas 60 турнирінде канадалық Джиллиан Робертсоннан екінші раундта жеңіліп қалған. Оған көп ұзамай ота жасалып, кейін оңалту курсын бастаған болатын.
Фото instagram.com/mma.mashka