русский язык
Теннис

Александр Бублик 2018 жылдан бері алғаш рет ATP рейтингінде 14 сатыға төмендеді

Александр Бублик 2018 жылдан бері алғаш рет ATP рейтингінде 14 сатыға төмендеді

25 жастағы қазақстандық теннисші Александр Бублик кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингінде өз орнын сақтап қала алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің үздік теннисшілері тізімінде Александр Бублик 2018 жылдан бері алғаш рет 14 сатыға төмендеп, қазір 50-орында (865 ұпай).

Тимофей Скатов 2 сатыға көтеріліп, 127-орында тұр (431).

Жұптық сында қазақстандық Андрей Голубев 47-орында қалды, ал Александр Недовесов 2 сатыға төмендеп - 67 орында. Бублик екі сатыға көтерілді - қазір ол 179-орында.

ТОП-3 өзгеріссіз қалды. Сербиялық Новак Джокович көш бастап келеді. Екінші орында испаниялық Карлос Алькарас. Үздік үштікті грекиялық Стефанос Циципас түйіндеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;