Қазақстан U-17 құрамасы Даму Кубогын жеңіспен бастады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБіздің команданың қарсыласы Ресей U-16 құрамасы болды. Ойын Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды - 1:0. Жеңіс голының авторы - Эльхан Саидов.
Александр Кузнецов командасы келесі ойынын 7 ақпан күні Өзбекстанмен өткізеді. Кездесу елорда уақытымен 14:00-де басталады.
Қазақстан U-17 – Ресей U-16 – 1:0 (1:0)
Гол: Саидов 40
Қазақстан U-17: Әбілқайыр Әлиақбар (қ), Елжан Молдахмет, Эльхан Саидов, Әлихан Исраилов (к), Әділет Мыңбай, Ілияс Әбіл, Ахметәли Қалтанов. Шыңғыс Дүйсенбек, Рүстам Жанхаев, Данияр Ерлан, Тамерлан Ағыманов;
Резерв: Ильдар Меңдіғалиев (қ), Тимур Құрбанов, Әділет Өмей, Шахбоз Тураев, Ерасыл Сәрсенбай, Виктор Лакеев, Алан Адахаев, Эмин Мусаев, Аян Байдәулетов;
Аға бапкер: Александр Кузнецов.