русский язык
Басқа

Қазақстан әйелдер құрамасы әлем Кубогында күміс жүлдеге ие болды

Қазақстан әйелдер құрамасы әлем Кубогында күміс жүлдеге ие болды

Индонезия астанасы Джакартада винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем Кубогының кезеңі өтіп жатыр. Бүгін Ұлттық құрама қоржынына 9-медаль түсті.

Әйелдер арасында кіші калибрлі винтовкадан 50 метр қашықтықта нысана көздеуде Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды. Арина Алтухова, Александра Ле мен Елизавета Безрукова үштігі финалда Швейцария құрамасына 17-15 есебімен есе жіберді.

Жалпы Джакартадағы бәсекеге 15 қазақстандық спортшы аттанды. Олардың бәрі Әлем Кубогі қарсаңында 10-26 қаңтар аралығында Кувейтте өткен оқу-жаттығу жиынына қатысқан. Әлем Кубогі 7 ақпанда мәресіне жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;