русский язык
Футбол

«Астана» «Жетісуден» басым түсті

«Астана» «Жетісуден» басым түсті
Елордалық «Астана» клубы өз алаңында талдықорғандық «Жетісудан» айласын асырды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Станимир Стойлов бірден шабуылға ден қойды. Соның нәтижесінде 5-ші минутта есепті ашты. «Астананың» украиналық легионері Денис Дедечко жойқын соққысмен командасын алға шығарды. Екінші таймның орта тұсында Максим Азовскийдің пасынан кейін Руслан Галиакберов басымен допты қақпаға бағыттап, таразы басын теңестірген болатын. Алайда 10 минут өтісімен алаңға тыңнан қосылған Максимович бұрыштама добын сәтті пайдаланып, командасына 3 ұпайды әперді.
 
«Астана» (Астана) – «Жетісу» (Талдықорған) 2:1 (1:0)
Голдар: 1:0 – Дедечко (5), 1:1 – Галиакберов (75), 2:1 – Максимович (84).
«Астана»: Голубничий, Ахметов, Бейсебеков, Илич, Постников, Дедечко, Каньяс, Кетевоама (Максимович, 46), Мұжықов, Кабананга (Твумаси, 69), Щеткин (Нөсербаев, 78).
«Жетісу»: Пасеченко, Әділханов (Мынбаев, 67), Горячий, Сагындыков, Эргашев, Азовский, Самигуллин, Шахметов, Галиакберов, Савич, Тұрысбек.
Ескертулер: Эргашев (26), Сагындыков (76).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;