русский язык
ММА

Федор Емельяненко Bellator турнирінде соңғы жекпе-жегін өткізеді

Федор Емельяненко Bellator турнирінде соңғы жекпе-жегін өткізеді

Ресейлік аралас жекпе-жек (ММА) файтері Федор Емельяненко соңғы жекпе-жегін ауыр салмақтағы Bellator чемпионы америкалық Райан Бейдерге қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Титулды жекпе-жек 2023 жылдың 4 ақпанында Лос-Анджелесте Bellator 290 турнирі аясында өтеді.

Бейдер 2019 жылдың тамыз айында жекпе-жектің бірінші минутында Емельяненконы нокаутпен жеңген болатын. Ресейлік файтерге Bellator-мен келісімшарты бойынша соңғы жекпе-жек өткізу қалды.

Емельяненко 46 жаста. ММА-дағы карьерасында ол 40 жеңіске жетіп, 6 рет жеңіліп қалған. 39 жастағы Бейдердің 30 жеңіс пен жеті жеңілісі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;