ВИДЕО. Симоне Веласко «Валенсия Вуэльтасының» 3-кезеңінде жеңіске жетті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБүгін «Валенсия Вуэльтасы» веложарысының 3-ші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кезеңде «Астана» командасының итальяндық шабандозы Симоне Веласко топ жарды. BORA-ның Люксембург өкілі Боб Юнгельс – hansgrohe мәреге екінші келді. Uno-X Pro Cycling Team командасының өкілі Джонас Грегард үшінші болды.
Осылайша, Астана маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
«Валенсия Вуэльтасы». Үшінші кезең
Bétera — Sagunto. 145,1 км
1. Симоне Веласко («Астана») — 3:13:48
2. Боб Юнгельс (BORA-hansgrohe)
3. Йонас Грегард (Uno-X Pro Cycling Team).
Жалпы есеп:
1. Джулио Чикконе (Trek-Segafredo) — 12:30:50
2. Пельо Бильбао (Bahrain Victorious) — +0:03
3. Александр Власов (BORA-hansgrohe) — +0:06