русский язык
Бокс

«Ол бұл жекпе-жектен алшақ болуы тиіс»: Абель Санчес Головкин - Мунгия айқасы жайлы

«Ол бұл жекпе-жектен алшақ болуы тиіс»: Абель Санчес Головкин - Мунгия айқасы жайлы

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы жаттықтырушысы Абель Санчес мексикалық Хайме Мунгияға қарсы өтуі мүмкін жекпе-жек туралы пікірін айтты.

Америкалық маманның пікірінше, Хайме бұл жекпе-жектен алыс болуы керек, әйтпегенде мансабындағы алғашқы жеңіліске ұшырауы әбден мүмкін.

«Оған Головкиннің алыс жүру керек. Дәл қазіргі уақытта GGG-ге қиындық тудыра алатын жалғыз боксшы бар. Ол — Сауль Альварес.

Мунгия бұл жекпе-жекке келіспеуі керек. Әйтпесе таяқ жеп қалады. Головкин оны бірдеңесін ұрлағандай сабалайды», — деп келтіреді Санчестің сөзін Boxingscene.com.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;