«Марибор» Словения біріншілігінде алғашқы ойынын өткізді
![«Марибор» Словения біріншілігінде алғашқы ойынын өткізді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1437214708_964900687.jpg?v=28702360)
Словениялық «Марибор» ел чемпионатының алғашқы турында өз алаңында «Заврч» командасымен кездесті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Алаң иелері сапында Лука Захович көзге түскен.
Естеріңізге сала кетсек, «Марибор» Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде «Астанаға» қарсылас атанған болатын. қазақстандық команда алғашқы матчта қонақта 0:1 есебімен ұтылып қалған. Қарымта кездесу 22 шілдеде «Астана Аренада» жергілікті уақыт бойынша 20:00-де өтеді.