KАZsport «Астана» - «Марибор», «Алашкерт» - «Қайрат» кездесулерін көрсетеді
![KАZsport «Астана» - «Марибор», «Алашкерт» - «Қайрат» кездесулерін көрсетеді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1437202286_272034219.jpg?v=28702467)
KАZsport телеарнасы Еурододалардағы «Астана» мен «Қайраттың» қарымта кездесулерін көрсетеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
Елордалық «Астана» клубы Чемпиондар Лигасындағы словениялық «Мариборға» қарсы ойынын «Астана-Арена» стадионында 22-ші шілде күні 19:45-те өткізеді. Ал алматылық «Қайрат» сырт алаңда Арменияның «Алашкерт» командасымен күш сынасады. Басталу уақыты 23-ші шілде сағат 20:50-де. Қос ойынды да «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.
16 шілдеде алматылық «Қайрат» футбол клубы Еуропа Лигасының 2-ші іріктеу кезеңі аясында өз алаңында армениялық «Алашкерт» командасын 3:0 есебімен жеңсе, елордалық словениялық «Мариборға» сырт алаңда 1:0 есебімен есе жіберіп қойды.