О40 турнирінің басты кардында өтетін тағы бір жекпе-жек анықталды
![О40 турнирінің басты кардында өтетін тағы бір жекпе-жек анықталды](https://prosports.kz/upload/news/content//202301/203991_b5dc32d65dbe8bbec9ea385af8008bc0.jpg?v=28656457)
OCTAGON 40 турнирінің басты кардында өтетін ең жеңіл салмақтағы жекпе-жек қатысушылары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
5 ақпанда Бішкекте өтетін мерейтойлық турнирде жергілікті тәжірибелі файтер Алманбет Абдывасы уулы (10-6) өзбекстандық Шахзод Джуракуловпен (6-5) кездеседі.
Кештің басты жекпе-жегіндеа Мақсат «Барыс» Жолдош уулы (8-2) бразилиялық Жозе Тавареспен (15-10) кездеседі.
Ал басты жекпе-жектердің бірінде қырғыз файтері Шермурат «Пантера» Калилов (5-0) тағы бір бразилиялық Лукас Бентомен (7-3) кездеседі.