ММА

Махачев Волкановскимен жекпе-жекке дайындығы және қарсыласының деңгейі жайлы айтты

Махачев Волкановскимен жекпе-жекке дайындығы және қарсыласының деңгейі жайлы айтты
news-banner7
mobile-news-top

11 ақпанда Аустралияның Перт қаласындағы RAC Arena-да UFC 284 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Ислам Махачев (23-1) пен 2013 жылдан бері жеңіліп көрмеген жартылай жеңіл салмақтың королі Алекс Волкановски (25-1) кездеседі.

Кездесу алдында Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында ресейлік файтер аустралиялық спортшымен алдағы кездесуі, қарсыласының мықты және әлсіз жақтары, сондай-ақ мансабындағы маңызды жекпе-жекке тактикасы туралы айтып берді.

– Ислам, жекпе-жек алдындағы жаттығу лагері қалай өтті және неге басты назар аудардыңыз?

– Лагерь біз жоспарлағандай кезең-кезеңімен өте жақсы өтті. Махачкаладан бастап, тауға шығып, екі апта бойы жаттығу өткіздік. Аустралияға алдын ала келдік, мұнда жергілікті климатқа бейімделіп, дайындықтың соңғы кезеңін өткіземіз.

– Аустралияда өзіңізді қалай сезініп жүрсіз және жергілікті климатқа бейімделу барысы қалай жүріп жатыр?

– Маған климат ұнады. Жақын жерде мұхит бар, бәрі жасыл әрі табиғат өте әдемі.

– Онда барғаннан кейін Волкановскимен шағын стердаун болып, тіл қатысып үлгердіңіз. Құпия болмаса, Алекспен не туралы сөйлестіңіз?

– Бетпе-бет тұрғанда, дайындықтың қалай өткенін сұрадық, жекелей ештеңе жоқ. Алекс бәрі жақсы өткенін, тынбай жаттыққанын айтты. Мен де оған бәрі ойдағыдай екенін айттым.

– Жекпе-жектің статусы осынша жоғары болса да, Волкановски екеуіңіз бір-біріңізге құрмет білдіріп жүрсіздер. Әдетте UFC-де мұндай болмайтын еді.

– Менімен жақсы қарым-қатынас жасаса, мен де солай жауап беремін. Ал біреу шу шығарғысы келсе, дәл өзінше жауап беремін. Волкановски - бос сөзге әуестігі жоқ өте жақсы жігіт. Баспасөз конференциясында және бетпе-бет кездескенде барлық қарсыласына бірдей көзқараста болады.

Волкановски 2013 жылдан бері жеңіліп көрген жоқ. Оның қандай кемшігін байқадыңыз?

– Ол мен сияқты қарсыласпен әлі кездескен жоқ. Ол мен сияқты файтермен әлі кездеспегендіктен, барлық кемшілігі осы жекпе-жектен көреміз деп ойлаймын.

– Кейбір сарапшылар Волкановскидің партерде жақсы қорғанатыны айтады. Осы тұрғыдан оның деңгейін қалай бағалайсыз?

– Оның Ортегамен жекпе-жегін көрдім, ол өте жақсы қысым жасады, бірақ Волкановски бұған төтеп берді. Ол өте шыдамды болды, сондықтан алғашқы раундтардың басында үлкен күшке салудың қажеті жоқ депп ойлаймын. Жалпы алғанда, мен одан ешқандай грэпплинг шеберлігін көріп тұрған жоқпын, кем дегенде, мен ондай ерекшелігін байқаған жоқпын. Бәрін октагонда көреміз.

– Көптеген сарапшы Волкановскидің дене тұрқы шағын екенін айтады. Бұл аустралиялық файтер үшін алдағы жекпе-жектегі елеулі кемшілік бола ма?

– Солай болады деп ойлаймын. Бұл өз рөлін ойнайды, өйткені ол өзіне сай келмейтін салмаққа көтерілді. Волкановски мықты файтер, бірақ оның бойы біздің салмаққа келмейді, ол мұны жақын арада түсінеді.

– Сіз үшін Волкановскимен жекпе-жектің ең қиын тұсы неде деп ойлайсыз?

– Дайындық кезеңі қиын болды, салмақтан арылу да оңай болған жоқ. Ал жекпе-жектің өзі, егер менің жоспарымдағыдай болса, қиын болмайды деп ойлаймын.

Материал UNDERDOG спорт агенттігінің қолдауымен жарияланды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер