русский язык
Футбол

Еуропаның үздік ойыншысы атануға кім лайық?

Еуропаның үздік ойыншысы атануға кім лайық?

УЕФА 2014-2015 жылғы маусымның үздік ойыншысына үміткер 10 футболшының есімін жариялады.

Еуропа құрлығының үздік ойыншысына үміткер 10 футболшыны УЕФА-ға мүше 54 елдің журналистері анықтады. Әрбір дауыс беруші соңғы маусымда жоғары деңгейлі ойын көрсеткен 5 футболшыны белгілеу керек болған. Дауыс берудің қорытындысы бойынша «Ювентустен» 10 ойыншы енді. Сондай-ақ «Барселонадан» үш футболшы бар. Олардың үшеуі де Чемпиондар лигасында өнер көрсеткен.

Сонымен Еуропаның үздік ойыншысы атануға үміткерлер: Джанлуиджи Буффон, Андреа Пирло, Поль Погба, Артуро Видаль, Карлос Тевес ( бәрі де «Ювентус»), Лионель Месси, Неймар, Луис Суарес (үшеуі де «Барселонаә), Криштиану Ронлду («Реал»), Эден Азар («Челси»). 

Негізгі басында тізімде 35 футболшы болған еді. Кейіннен ондықты таңдау кезінде Арьен Роббен, Мануэль Нойер, Карлос Бакка сияқты мықтылар ілікпей қалды.

Енді осы 10 үміткердің ішінен үшеуінің есімі 12 тамызда анықталады. Ал жеңімпаз 28 тамыз күні марапатталады.

Айта кетейік, бұл атаққа 2013 Франк Рибери, 2014 жылы Криштиану Роналду қол жеткізген болатын.  

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;