русский язык
Бокс

Махмұд Сабырхан: Мақсат баяғыдай – Олимпиада алтынын жеңіп алу

Бангкокта өткен 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алған бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Таиландтан тікелей рейспен Қазақстанға оралды.

Қазақстан құрамасы көшбасшысының бірі Махмұд Сабырхан жарысты қорытындылады.

«Бізді қолдаған барлық жанкүйерге зор алғыс айтамын. Біз үшін уайымдап, жеңіс тілегендеріңізді жақсы білеміз. Бангкоктағы додаға келетін болсақ, мен ол жерде 57 келіге дейінгі салмақта сынға түстім.

Бұл Олимпиада бағдарламасына кіретін салмақ. Енді ауысқандықтан қиындау болды. Соған қарамастан, жақсы нəтиже көрсеттім деп ойлаймын. Мақсат баяғыдай – Олимпиада алтынын жеңіп алу», - деді боксшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;