русский язык
Бокс

Кеңес Рақышев қазақстандық боксшыларды құттықтады

Кеңес Рақышев қазақстандық боксшыларды құттықтады

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев қазақстандық боксшыларды Бангкокта 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетуімен құттықтады, деп хабарлайды Prоsports.kz.

«Бокстан еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы Таиланд астанасы Бангкокта 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында бақ сынады. Барлық спортшымызды, жаттықтырушылар штабын және осы бекзат спорттың жанкүйерлерін Ұлттық құраманың жоғары нәтижесімен құттықтаймын!

Қазақстандық шаршы алаң шеберлері 5 алтын (үш еркек, екі әйел), 3 күміс (ерлер) және 12 қола (бес ер және жеті әйел) жеңіп алды. Осылайша, 25 боксшының 20-сы медальге қол жеткізді.

Боксшылар үшін биылғы басты бәсеке – Ташкенттегі әлем чемпионаты және Қытайда өтетін жазғы Азия ойындары. Дәл осы жарыстарға Қазақстан бокс федерациясы мен Мәдениет және спорт министрлігі басымдық беріп, құраманың жұмысына жіті назар аударады», – деді ҚБФ басшысы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;