русский язык
Футбол

Владимир Вайсс: «Нәтижеге көңілім толды»

Владимир Вайсс: «Нәтижеге көңілім толды»

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Владимир Вайсс «Алашкертпен» (3:0) өткен ойын жайлы өз пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Нәтижеге көңілім толды, бірақ әлі ештеңе шешілмеді. Қарымта ойын бар. Володя Плотников қақпада жақсы ойын көрсетті, он гол соғатын мүмкіндігіз болды, бірақ үш қана гол соға алдық. Кезінде Словакияның бас бапкері ретінде біз Арменияда 3:1 есебімен ұтылғанбыз, ал өз алаңымызда 4:0 есебімен оңбай жеңілдік. Сондықтан қарымта кездесуге мұқият дайындалуымыз қажет», - деді Вайсс. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;