Ауыр атлетика

Илья Ильин Ауыр атлетика федерациясын басқарғысы келеді

Илья Ильин Ауыр атлетика федерациясын басқарғысы келеді
news-banner7
mobile-news-top

Даңқты ауыр атлет Илья Ильин еліміздің Ауыр атлетика федерациясы президенті лауазымына кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Командаммен бірге федерацияны қолға алуға дайынмын. Иә, менің миллиондаған қаражатым жоқ, бай адам емеспін. Бірақ, спорттың бұл түрінің ұңғыл-шұңғылын жетік білемін. Қолдауларыңызды өтінемін. Міндет жүктеңіздер, Олимпиада чемпиондарын тәрбиелеп шығайық», - деді Илья Ильин Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Осы орайда ол өзіне ауыр атлетика жаттықтырушылары хабарласқанын жеткізді.

«Бұл - елімізге медальді ең көп әкелетін спорт түрінің бірі әрі оны сақтауымыз қажет. Кеше маған жаттықтырушылар хабарласып: «Илья, бірдеңе істеу керек» деді. Олар бір команда болып ашық әрі нәтижелі жұмыс істеуді, қордаланған проблемаларды шешуді ұсынып отыр. Ал проблема жеткілікті. Медаль әкелсек, артынан іле-шала допинг дауына ұрынамыз. Спортшылармыз 3 жылға дейін үлкен жарыстардан шеттетіледі», - деді спортшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер