OCTAGON 42 турнирінде титулды жекпе-жек өтеді

Еуразиялық жекпе-жек промоушеннің баспасөз қызметі 4 наурызда Ташкентте өтетін OCTAGON 42 турнирінің басты жекпе-жекті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұйымның жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпионы атағын жеңіліп көрмеген қазақстандық Самат Мамедов (5-0) пен өзбекстандық Достон Бозоров (7-1) сарапқа салады.
Айта кетейік, лиганың мерейтойлық кеші – O40 Бішкекте 5 ақпанда өтеді. Ал 19 ақпанда Алматыда O41 турнирі өтеді.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы