Теннис

Australian Open: Анна Данилина жарыс жолынан шығып қалды

Australian Open: Анна Данилина жарыс жолынан шығып қалды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үлкен дулыға» турнирінің 8-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина мен үндістандық Саня Мирза екінші айналымда украиналық Ангелина Калинина – бельгиялық Алисон Ван Эйтванкпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда украиналық-бельгиялық жұп 6:4 есебімен басымдылық танытты.

Екінші сетте А.Данилина мен С.Мирза дәл сондай есеппен есе қайырды. Алайда үшінші, шешуші партияда жеңіліс тапты – 2:6.

Екі сағатқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандық-үндістандық дуэт 1 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың үшеуін ғана пайдаланды. Қарсыластары 2 эйс, 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0