русский язык
Әлем футболы

Вороговскийдің клубы Бельгияның екінші лигасының кестесінде бірінші орынға шықты

Вороговскийдің клубы Бельгияның екінші лигасының кестесінде бірінші орынға шықты

Моленбек 19-турдың матчында Дейнзені (2:1) ұтып, Бельгия чемпионатының екінші дивизионында көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Команда сапында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский өнер көрсетуде. Футболшы алаңға негізгі құрамда шығып, ойынды толық өткізді. Осы жеңісінен кейін Моленбек лиганың көшбасшысына шықты.

Вороговский барлық жарыстарда 20 матч өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;