Australian Open: Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
![Australian Open: Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content//202301/203991_3a7dc4f916dbd2e17519c25dd299e884.jpg?v=28703546)
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Свентекті ұтып, мансабында алғаш рет Australian Open-2023 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рыбакина екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу 1 сағат 30 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина алты эйс жасады.
Турнирдің жартылай финалына шығу үшін қазақстандық теннисші Кори Гауфф (АҚШ) - Елена Остапенко (Латвия) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.