русский язык
Әлем футболы

Хакими жылдың үздік араб спортшысы атанды

Хакими жылдың үздік араб спортшысы атанды

ПСЖ мен Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими 2022 жылдың үздік араб спортшысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хакими сыйлықты 21 қаңтарда Эр-Риядта өткен Joy Awards салтанатында алды. Жүлде Таяу Шығыс спортшыларына беріледі. Хакими марапаттау рәсіміне анасымен бірге барды.

Марокко құрамасы сапында Хакими Катардағы әлем чемпионатында төртінші орын алды. Өткен жылы Хакими ПСЖ сапында Лига 1 мен Франция суперкубогын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;