Australian Open. Данилина мен Недовесов микстте бірінші айналымында жеңілді
![Australian Open. Данилина мен Недовесов микстте бірінші айналымында жеңілді](https://prosports.kz/upload/news/content//202301/472_c4ec591c99f760526056b0822f9f6890.jpg?v=28703798)
Қазақстандық теннисшілер Анна Данилина мен Александр Недовесов Australian Open-2023 турнирінің микст сынында бірінші айналымда жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық дуэт бірінші айналымда Х.С.Кабаль (Колумбия)/К.Младенович (Франция) жұбына жол берді. Колумбиялық-франциялық жұп 2:6, 7:6, 10:7 есебімен жеңді.
Матч 1 сағат, 36 минутқа созылды.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық Елена Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен жұптасып Australian Open үшінші айналымына шыққан болатын.