русский язык
Әлем футболы

«Ювентус» Италия чемпионатында 15 ұпайынан айырылды

«Ювентус» Италия чемпионатында 15 ұпайынан айырылды

Федералды апелляциялық сот Италия футбол федерациясы прокурорының (FIGC) «Ювентус» клубының қаржылық заң бұзушылығына қатысты істі қайта қарау туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ювентус» Италия чемпионатында 15 ұпайдан айырылды (прокуратура тоғыз ұпайдан айыруды сұраған).

Осылайша ұпай саны 22-ге түскен «Ювентус» А сериясының турнирлік кестесінде 10-орынға сырғыды.

Туриндік клуб Италияның ұлттық олимпиада комитетіне (CONI) шағымдануы мүмкін.

«Ювентус» жалған капитал өсірді деп айыпталып отыр, атап айтқанда, ойыншылардың трансфер құнын асыра көрсетті, қызметкерлер шығы туралы толық мәлімет бермеді және ойыншылар жалақысының шынайы мөлшерін жасырды деген айыптар тағылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;