Универсиада-2023: Канада – Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

21 қаңтарда хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы Лейк-Плэсидтегі (АҚШ) Универсиаданың жартылай финалдық ойынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Канада — Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 00:05-те басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 12 ұпай жинап, В тобында екінші орын алды. Топтық кезеңде Оңтүстік Корея (5:1), Венгрия (9:1), Ұлыбритания (15:1) және Словакия (4:0) құрамаларын жеңіп, АҚШ-тан (1:4) жеңілді.