Қысқы

Универсиада: Қазақстандық шаңғышылар эстафетада жетінші орын алды

Универсиада: Қазақстандық шаңғышылар эстафетада жетінші орын алды

Лейк-Плэсидтегі қысқы Универсиадада аясында шаңғы жарысынан ерлер арасында эстафета өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Эстафетада Франция құрамасы топ жарды. Екінші орынды норвегиялық шаңғышылар алса, үздік үштікті Жапония түйіндеді.

Қазақстандық шаңғышылар Ернұр Бексұлтан, Иван Люфт, Святослав Матасов және Федор Карпов мәреге жетінші болып жетті.


Универсиада. Лейк-Плэсид. Шаңғы жарысы
Ерлер. Эстафета 4×7,5 км
1. Франция - 1:17:01.5
2. Норвегия - +28.3
3. Жапония - +55.2
...7. Қазақстан - +3.00.9.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0