русский язык
Футбол

Видаль «Баварияның» жейдесін кимек

Видаль «Баварияның» жейдесін кимек

«Ювентустың» чилилік жартылай қорғаушысы Артуро Видаль «Баварияға» ауысуға жақын, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

28 жастағы футболшы мюнхендік клубпен бірге төртжылдық келісім-шартқа отыру туралы шешімді қабылдап қойған, чилилік ойыншы әр маусым үшін 6.5 миллион еуро алады. Неміс клубы Видаль үшін 40 миллион еуроға шығындалмақ.

Естеріңізге сала кетсек, Германия чемпионы «Манчестер Юнайтедке» ауысып кеткен Бастиан Швайнштайгердің орнын басатын ойыншы іздестіруде. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;