Бокс

Жастар арасындағы АЧ: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға шықты

Жастар арасындағы АЧ: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға шықты

Қазақстан құрамасы 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта ширек финалда малайзиялық Чамбай Джексонды төрешілер шешімімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Қазақстандық боксшы жекпе-жек барысында қарсыласын нокдаунға түсірді.

Бүгінгі жарыс күнінде жартылай финал жолдамасы үшін Даниял Сәбит (51 кг), Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Махмуд Сабырхан (57 кг) мен Талғат Сырымбетов (60 кг) таласқа түседі.

Фото instagram.com/tashkenbay_sanzhar

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0