Australian Open-2023: Қазақстандық теннисшілер жұптық сындағы бәсекелерді сәтті бастады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандықтар Елена Рыбакина мен Анна Данилина жұптық сында Аустралия ашық чемпионатын сәтті бастады.
Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге алғашқы айналымда жарыстың 5-ракеткалары, украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен кездесті. Қазақстандық-ресейлік жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Турнирдің 8-ракеткалары Данилина мен үндістандық Саня Мирза бастапқы кездесуін мажарстандық Далма Галфи – америкалық Бернарда Перамен өткізді.
Е.Рыбакина мен А.Павлюченкова екінші айналымда тайбэйлік Латиша Чань – чилилік Алекса Гуарачимен, ал А.Данилина мен С.Мирза украиналық Ангелина Калинина – бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен шеберлік байқасады.