Қысқы

Универсиада: Қазақстандық шаңғышы Ксения Шалыгина тағы төртінші орын алды

Универсиада: Қазақстандық шаңғышы Ксения Шалыгина тағы төртінші орын алды

Қазақстандық шаңғышы Ксения Шалыгина АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиадада бес шақырымға еркін мәнерде жекелей сында сайысқа түсті.

Қазақстандық шаңғышы жүлдегерлер қатарынан көрінуге жақын қалды. Мәре сызығын төртінші болып қиды.

Ол 17 қаңтарда бес шақырым қашықтықта классикалық мәнердегі сайыста да дәл осындай нәтижеге қол жеткізген еді.

Аталған жарыста финляндиялық Хилла Ниемела бас жүлде алды. Ал эстониялық Мариэль Пуллес күміс, итальяндық Мария Боккарди қола медаль алды.

Ел құрамасынан Надежда Степашкина 10, Айша Рақышева 21, Анна Мельник 45, Лаура Қиныбаева 46,, Анастасия Ротова 51-орындарды місе тұтты.

Түпнұсқасы: inform.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0