ҚПЛ клубы Өзбекстан құрамасының ойыншысын сатып алды

ҚПЛ клубы Өзбекстан құрамасының ойыншысын сатып алды

Беларусьтің «Ухо» телеграм-арнасы Өзбекстан құрамасының жартылай қорғаушысы Шохбоз Умаровтың Борисов БАТЭ-ден шымкенттік «Ордабасыға» ауысқаны туралы хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

«Менің ақпаратым бойынша, «Ордабасы» БАТЭ-мен Шохбоз Умаровтың төлемі туралы келісімге келген», - делінген телеграм-канал хабарламасында.

Еске салайық, Умаров қазақстандық «Ордабасыда» жалға ойнап, шымкенттік клуб сапында ел кубогының иегері атанған болатын. 23 жастағы өзбектің есебінде «Ордабасы» сапында Қазақстан-2022 чемпионатында 9 ойын өткізіп, 3 нәтижелі пас берді.

Transfermarkt.com порталы өзбек футболшысының құнын 400 мың еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0